"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 184 ұсынысына сәйкес Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі, Асқар Тоқмағанбетов ауылы Қызылорақ көшесіндегі № 18, 5, 22 тұрғын үйлер аулаларына мүйізді ірі қара малдар мен иттер арасында жануарлардың құтырық ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7254 тіркелген, 2020 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі | Ғ. Алданазаров |