Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Ақтау қаласы бойынша 2021-2023 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбайға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Ғұбашов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2020 жылғы 11 желтоқсандағы | |
№ 39/466 шешіміне | |
қосымша |
Ақтау қаласы бойынша 2021-2023 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесі
№ | Маршрут атауы (маршрут нөмірі) | Маршрут түрі (атауы) |
1 | № 2 | қалалық |
2 | № 3 | қалалық |
3 | № 5 | қалалық |
4 | № 4 | Ақтау-Өмірзақ |
5 | № 4м | Ақтау-Өмірзақ |
6 | № 7 | Ақтау-Рауан |