Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №05-10-790 ақпараттық хатының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Ақтау қалалық мәслихатының келесі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/73 "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3258 болып тіркелген, 2017 жылы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
2) Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы №7/95 "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/73 "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3342 болып тіркелген, 2017 жылы 2 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы.Көшербай).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | С.Зәкенов |