Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 04.10.2022 № 18/145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №05-10-975 ақпараттық хатының негізінде, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4. Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы №2/17 "Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3077 болып тіркелген, 2016 жылы 11 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы. Көшербай).
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Керелбаев |
Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы | С. Зәкенов |
Ақтау қалалық мәслихатының | |
2020 жылғы 10 шілдедегі | |
№33/382 шешіміне 1 қосымша |
Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 04.10.2022 № 18/145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. "Приморский" тұрғын алабында орналасқан автотұрақ алаңы;
2. №34 шағын ауданындағы "Қазақстан халқы Ассамблеясы" ғимаратының жанындағы автотұрақ алаңы;
3. №11 "а" және №26 шағын аудандар арасындағы автотұрақ алаңы;
4. Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін жүру маршруты: №14 "а" шағын ауданынан №9 "а" шағын ауданына дейін №7 автожолының бір бөлігі.
Ақтау қалалық мәслихатының | |
2020 жылғы 10 шілдедегі | |
№33/382 шешіміне 2 қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, сондай-ақ Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 04.10.2022 № 18/145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, сондай-ақ Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық –техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі- Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол беріледі.
3. Егер Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
4. Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды шекті толтыру нормалары:
1) "Приморский" тұрғын алабында орналасқан автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 200 адам;
2) №34 шағын аудандағы "Қазақстан халқы Ассамблеясы" ғимараты жанындағы автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 100 адам;
3) №11 "а" және №26 шағынаудандар арасындағы автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 200 адам;
4) демонстрациялар, шерулер өткізу үшін жүру маршруты: №14 "а" шағын ауданынан №9 "а" шағын ауданына дейінгі №7 автожолының бір бөлігі, шекті толтырылу нормасы 200 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар орнатуға жол берілмейді.
6. Егер бейбіт жиналысты бір жерде және (немесе) сол бір жүру бағыты бойынша не бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналысты ұйымдастырушы өткізуге үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыдан тиісті хабарлама немесе өтініш алған уақытты негізге ала отырып айқындайды.
7. Пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдар арасындағы жол берілетін ең аз қашықтық әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында кемінде екі метрді құрайды.
8. Пикеттеуді жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы бір қатысушы өткізетін ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстар сағат 9.00-ден ерте басталмайды және бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ақтау қаласының жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ден кешіктірілмей аяқталады.
Ақтау қалалық мәслихатының | |
2020 жылғы 10 шілдедегі | |
№33/382 шешіміне 3 қосымша |
Ақтау қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 3 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 04.10.2022 № 18/145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ақтау қаласында келесі объектілердің іргелес аумақтарының шекарасынан 400 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдаланылуы қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.