Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Бақытова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы Г. Бақытоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Абилов |
Бейнеу ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 14 қыркүйегі | |
№ 254 қаулысына қосымша |
Бейнеу ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Бейнеу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 29 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-115 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Рауан" газетінде жарияланған).
2. Бейнеу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 30 "Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар тізбесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-114 болып тіркелген, 2011 жылы 1 наурыздағы "Рауан" газетінде жарияланған).
3. Бейнеу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 31 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-116 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Рауан" газетінде жарияланған).
4. Бейнеу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 32 "Депутаттыққа кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-117 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Рауан" газетінде жарияланған).
5. Бейнеу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 93 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-120 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 тамыздағы "Рауан" газетінде жарияланған).
6. Бейнеу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 38 "Үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2627 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
7. Бейнеу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 39 "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін ақылы шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2626 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).