Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін ақылы шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 39 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 наурызда № 2626 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 14.09.2020 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1018 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сай Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін ақылы шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесі бекітілсін.

      2. Қосымшада көрсетілген үй жайлар бекітіліп берілген мемлекеттік заңды тұлғалар Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жасаған кездесу кестесіне сай Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болатын ақылы шарттық негізде үй-жайлар беруді қамтамасыз етсін.

      3. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудандық әкімдіктің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б.Әзірханов


  2015 жылғы 2 наурыздағы № 39
Бейнеу ауданының әкімдігінің
қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін ақылы шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесі

      Бейнеу селосы - Абыл атындағы мәдениет үйі

      Боранқұл селосы - селолық мәдениет үйі

      Ақжігіт селосы - селолық мәдениет үйі

      Сарға селосы - селолық мәдениет үйі

      Сыңғырлау селосы - селолық клуб

      Төлеп селосы - селолық клуб

      Есет селосы - селолық клуб

      Сам селосы - селолық клуб

      Тұрыш ауылы - ауылдық клуб

      Ноғайты селосы - селолық клуб

      Тәжен ауылы - "Тәжен мектеп – балабақша кешені" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады