Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 14.09.2020 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 - бабы 4 - тармағына сай аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының № 1 сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарға (одан әрі - кандидаттар) сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жай болып Бейнеу селосындағы Абыл атындағы мәдениет үйі ғимараты (одан әрі - Ғимарат) белгіленсін.
2. Ғимараттың меншік иесіне сайлау комиссиясының жасаған кездесу кестесіне сай кандидаттар үшін бірдей және тең болатын шарттық негізде үй - жай беруді қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А.Ұлұкбанов |
Қ.Әбілшеев
дайынд.:Ү.Әмірханова
Қ.Бөлтеков
М.Нысанбаев
М.Көбеген
Қ.Жарасбаева