Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 09-18/46 ұсынысының негізінде Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Құтырық" ауруын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарақия ауданының Құрық ауылында орналасқан "Eр Сай Каспиан Контрактор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Құрық ауылы әкімінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 14 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4124 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік қүқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман Е.Омирбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Құрық ауылы әкімінің орынбасарына (Е.Құдайсүгіров) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Құрық ауылының әкімі | М.Төлегенов |