Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 16/101 "Ойын бизнесі саласындағы жеке тұлғаларға тіркелген бірыңғай салық көрсеткіштерін белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-6-88 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 ақпанда "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Нәдірқожақызы Ә.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Озгамбаев |
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | А. Досанова |