Түпқараған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы №16/101 "Ойын бизнесі саласындағы жеке тұлғаларға тіркелген бірыңғай салық көрсеткіштерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 46/348 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 4279 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 16/101 "Ойын бизнесі саласындағы жеке тұлғаларға тіркелген бірыңғай салық көрсеткіштерін белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-6-88 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 ақпанда "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Нәдірқожақызы Ә.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Озгамбаев
      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы А. Досанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады