Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 10-15-290 ұсынысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 100 "Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3685 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Сағым) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынгалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі | А.Қосуақов |