Түпқарған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 100 "Түпқарған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 288 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 4374 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 10-15-290 ұсынысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 100 "Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3685 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Сағым) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынгалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі А.Қосуақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады