"Түпқараған ауданданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы"

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 100 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 3685 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 288 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 14.12.2020 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15689 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 154 "Түпқараған ауданданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3148 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д. Шалабаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынғалиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі Т.Асауов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитеті Маңғыстау облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

      Түпқараған аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Шаров Асылбек Хамзеевич

      "29" 06 2018 жыл.


      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

      Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар

      департаменті Түпқараған ауданының Төтенше

      жағдайлар бөлімі" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Альджанов Нуркожа Кожабергенович

      "29" 06 2018 жыл.


      "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

      Түпқараған ауданының ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Тәңірбергенов Ғабиден Батырұлы

      "29" 06 2018 жыл.


      "Түпқараған аудандық жер қатынастары,

      сәулет және қала құрылысы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Кулдашев Жанибек Едигеевич

      "29" 06 2018 жыл.


      "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік

      және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Шалабаева Дарига Бакытовна

      "29" 06 2018 жыл.


      "Түпқараған аудандық тұрғын үй - коммуналдық

      шаруашылығы, жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушысы

      Жантуаров Дидарбек Басенович

      "29" 06 2018 жыл.


  Түпқараған ауданы әкімдігінің
"29" маусым 2018 жылғы
№ 100 қаулысына қосымша

Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Сауда орындарының орналасқан жері

Сауда орындарының түрі

Сауда орындарының саны

Сауда орындарының алаңы (шаршы метр)

Форт-Шевченко қаласы

Орталық базардың сол жағы

автодүкендер және шатырлардан

4

36

"Қарлығаш" дүкеніне қарама –қарсы автокөлік жолынан 0,5 метр

шатырлардан

4

36

Баутин ауылы

"Тілек" дүкенінің оң жағындағы автокөлік жолынан 0,5 метр

автодүкендер және шатырлардан

4

48

"Толғанай" дүкенінің оң жағындағы автокөлік жолынан 5 метр

автодүкендер және шатырлардан

2

24

"Терминал" қонақ үйінің сол жағындағы автокөлік жолынан 2 метр

автодүкендер және шатырлардан

2

24

Баутин ауылының Аташ елді мекені

"Бердіқожа" дүкенінің сол жағындағы автокөлік жолынан 2 метр

автодүкендер және шатырлардан

2

24

"Іңкәр" дүкенінің оң жағындағы автокөлік жолынан 2 метр

автодүкендер және шатырлардан

4

48

Баялы Ақсамбаев көшесіндегі № 8 үйдің оң жағындағы автокөлік жолынан 5 метр

автодүкендер және шатырлардан

5

60

Амангелді Иманов көшесі бойындағы балалар ойын алаңының оң жағындағы автокөлік жолынан 5 метр

автодүкендер және шатырлардан

2

24

"Каспий" дүкенінің сол жағындағы автокөлік жолынан 30 метр

автодүкендер және шатырлардан

2

24

Қызылөзен ауылы

Ақтау-Форт-Шевченко автокөлік тас жолының бойымен Форт-Шевченко қаласынан 26 шақырым

шатырлардан

6

54

"Ақтаукоопсауда" дүкенінің батыс жағындағы автокөлік жолынан 2 метр

шатырлардан

2

18

Ақшұқыр ауылы

"Тана" газ құю бекетінің оң жағынан 20 метр

шатырлардан

1

12

"Қыдырша" аялдамасына қарама-қарсы Ақтау-Форт-Шевченко автокөлік тас жолынан 20 метр

шатырлардан

1

12

"Мерей" дүкенінің алдындағы тігін шеберханасының сол жағынан 20 метр

шатырлардан

1

12

"Кенже" шағын маркетінің сол жағынан 25 метр

шатырлардан

1

12

Әлқуат Қожабергенов көшесіндегі № 20 үйден 10 метр

шатырлардан

1

12

"Жеменей" дүкенінің оң жағынан 5 метр

шатырлардан

1

12

№488 жер учаскесіне қарама-қарсы 15 метр

шатырлардан

1

12

Сайын Шапағатов ауылдық округі

Сайын Шапағатов ауылдық округі ішіндегі автокөлік жолынан 10 метр, Бисембай Мейров және Найзабек Есетов көшелерінің қиылысында

шатырлардан

4

48

Таушық ауылы

"Таушық ауыл шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулігі серіктестігі цехының алдындағы Түмен Балтабасұлы көшесінің бойында автокөлік жолынан 5 метр

шатырлардан

1

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады