Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 24 бабының 6 тармағына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 05-10-883 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 98-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3900 болып тіркелген, 2019 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 және 2 қосымшалары осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Оспан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Оспанға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" мамырдағы | |
№ 98-қ қаулысына 1 қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
№ | Елді мекеннің атауы | Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар | Байланыс телефондары |
1 | Маңғыстау ауылы | Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 8 /7292/ 46-62-33 |
2 | Маңғыстау ауылы | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 8 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-94-57 |
3 | Қызылтөбе ауылдық округі | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 13 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-71-94 |
4 | Баянды ауылы | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 46-72-08 |
5 | Дәулет ауылдық округі | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-98-21 |
6 | Атамекен ауылдық округі | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 12 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 33-14-58 |
7 | Басқұдық ауылдық округі | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 9 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 30-40-53 |
8 | Батыр ауылдық округі | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 10 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-32-01 |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" мамырдағы | |
№ 98-қ қаулысына 2 қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
Маңғыстау ауылы |
1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі" филиалы ғимаратының жанында (стенд). |
Қызылтөбе ауылдық округі |
1. "Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының пошталық байланысының ауылдық бөлімшесінің жанында (стенд). |
Баянды ауылы |
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында (стенд). |
Басқұдық ауылдық округі |
1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жанында (стенд). |
Атамекен ауылдық округі |
1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жанында (стенд). |
Дәулет ауылдық округі |
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында (стенд). |
Батыр ауылдық округі |
1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында (стенд). |