Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № 236-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № 236-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № 236-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Оспан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Оспанға жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" мамыр | |
№98-қ қаулысына 1 қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды- Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № 236-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" мамыр | |
№98-қ қаулысына 2 қосымша |
Мұнайлы ауданы аумағындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № 236-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
Маңғыстау ауылы |
1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі" филиалы ғимаратының жанында, 2 өндірістік аймақ, 11/6. 2. Қоғамдық ұйымдар үйінің жанында, 18-орам, 5. 3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Бесшоқы тұрғын үй массиві, 448/1. 4. "Тұлпар" газ құю бекетінің жанында, 24-орам, 3. 5. "Нұрсәт" азық-түлік дүкенінің жанында, Айрақты тұрғын үй массиві, 317/1. 6. "Қанат" газ құю бекетінің жанында, Бесшоқы тұрғын үй массиві, 1252/1. |
Қызылтөбе ауылдық округі Қызылтөбе-2 ауылы |
1. "Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының пошталық байланысының ауылдық бөлімшесінің жанында, 14-орам, 30/10а. 2. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында, 24-орам, 10/5. 3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Желтоқсан көшесі, 30 ғимарат |
Баянды ауылы | 1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Баянды-3 тұрғын үй массиві, 555. 2. Нұрлаев көшесіндегі № 40 үйдің жанында |
Басқұдық ауылдық округі Басқұдық ауылы | 1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жанында, Жазира көшесі, 3/4. 2. "Басқұдық" сауда орталығы ғимаратының жанында, Сұңқар көшесі, 9. 3. "Ақ сарай" мейрамханасының жанында, Самал тұрғый үй массиві, Жасдаурен көшесі, 4/1 |
Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылы | 1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жанында, Қаламкас тұрғын үй массиві, 795. 2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Жалын тұрғын үй массиві, 495/6. 3. "Ару" мейрамханасының жанында, Туған ел тұрғын үй массиві, Совхаз көшесі, 120 |
Дәулет ауылдық округі | 1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Жаңа Дәулет тұрғын үй массиві, 125/3. 2. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында, 20-орам, 2/4. 3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, 17-орам, 89/7 |
Батыр ауылдық округі Батыр ауылы | 1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында, Емір шағын ауданы, 6 көше, 45. 2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Емір шағын ауданы, 6 көше, 44Б |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" мамыр | |
№98-қ қаулысына 3 қосымша |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 140-қ "Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде үй-жайларды беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2262 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдедегі "Мұнайлы" газетінде жарияланған) қаулысы.
2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 141-қ "Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2263 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 шілдедегі "Мұнайлы" газетінде жарияланған) қаулысы.
3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 280-қ "Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2510 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.