"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 01-20/461 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылының аумағында орналасқан Рыскүл Серікқызына Қалижанова тиесілі жеке ауланың аумағында ірі қара малдың қарасаны бойынша карантин тоқтатылсын.
2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 18 наурыздағы № 1 шешімінің (2020 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9073 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі | Ж. Минзятов |