Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 9073 болып тіркелді. Күшу жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күшу жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 27.08.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 01-20/32 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылының аумағында орналасқан Қалижанова Рыскул Серікқызының жеке ауласының аумағында ірі қара мал қарасанының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайынды ауылдық округінің әкімі Ж. Минзятов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады