Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 21.08.2024 № 91 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 шешіміне (2015 жылғы 10 сәуірде "Таза бұлақ - Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда Алтынсарин ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтыну;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпарацияға құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап ұсынады, порталға өтініш берген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні.";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының нормалары шегінде және шекті жол берілетін деңгейде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
Сессия төрайымы | А. Уразбаева |
Мәслихат хатшысы | Б. Есмуханов |