"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Мусапирова |
Мәслихаттың | |
2024 жылғы 21 тамыздағы | |
№ 91 шешіміне | |
1-қосымша |
Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алтынсарин ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайды тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай - ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушыға жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесін жергілікті өкілді орган белгілеген 10 (он) пайыздан аспау керек.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
3. Көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысын Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жергілікті тұрғын үй жалдаған тұрғынжайды пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) немесе "Электрондық үкімет" веб-порталына Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі мемлекеттік корпорациядан немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
Мәслихаттың | |
2024 жылғы 21 тамыздағы | |
№ 91 шешіміне | |
2-қосымша |
Алтынсарин аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдердің тізімі
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" Алтынсарин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 болып тіркелген);
2. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" мәслихаттың 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алтынсарин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6317 болып тіркелген);
3. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" мәслихаттың 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алтынсарин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 224 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8324 болып тіркелген);
4. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" мәслихаттың 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алтынсарин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9308 болып тіркелген).