"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 69 шешіміне (2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 2-қосымшасында 15-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті жиырмасыншы сессиясының төрағасы, Денисов аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | С. Шерер |