"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 163 (2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7775 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Куламбаева |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кстаубаева |
Мәслихаттың 2020 жылғы 15 маусымдағы № 330 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 163 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Өкілдердің саны (адам) |
1 | Қамысты ауылы | 37 |
2 | Ливановка ауылы | 9 |
3 | Мешітті ауылы | 5 |
4 | Фрунзе ауылы | 7 |