Мәслихаттың 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 163 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 330 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 9278 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 163 (2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7775 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Куламбаева
      Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С. Кстаубаева

  Мәслихаттың
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 330 шешіміне
қосымша


  Мәслихаттың
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 163 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдердің саны (адам)

1

Қамысты ауылы

37

2

Ливановка ауылы

9

3

Мешітті ауылы

5

4

Фрунзе ауылы

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады