"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасу ауданы әкімінің "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2020 жылғы 6 наурыздағы № 3 шешімінің (2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9005 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі | В. Ионенко |