Әкімнің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 3 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 мамырда № 9213 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасу ауданы әкімінің "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2020 жылғы 6 наурыздағы № 3 шешімінің (2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9005 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады