Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 29.04.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Муканов |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы | С. Казиев |
Мәслихаттың 2020 жылғы 4 маусымдағы № 406 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің (бұдан әрі - Қарасу ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қарасу ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Қарасу ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Қарасу ауылдық округінің әкімі шақырады.
Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Қарасу ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Қарасу ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қарасу ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Қарасу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қарасу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарасу ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарасу ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2020 жылғы 4 маусымдағы № 406 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1. | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің Қарасу ауылы тұрғындары үшін | 100 |
2. | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің Восток ауылы тұрғындары үшін | 30 |
3. | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің Жұмағұл ауылы тұрғындары үшін | 5 |
4. | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің Майское ауылы тұрғындары үшін | 3 |
5. | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің Тімтүір ауылы тұрғындары үшін | 3 |