Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің 16.09.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасу ауданы Целинный ауылдық округі әкімінің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1-ш шешіміне (2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8440 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
деректемелерде және бүкiл мәтiн бойынша "Целинный ауылдық округінің", "Целинный ауылдық округі" сөз тіркестері тиiсiнше "Шолақашы ауылдық округінің", "Шолақашы ауылдық округі" сөз тіркестерімен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолақашы ауылдық округінің әкімі | Ш. Бустекова |