Әкімнің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1-ш "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 4-ш шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 9410 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің 16.09.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасу ауданы Целинный ауылдық округі әкімінің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1-ш шешіміне (2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8440 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      деректемелерде және бүкiл мәтiн бойынша "Целинный ауылдық округінің", "Целинный ауылдық округі" сөз тіркестері тиiсiнше "Шолақашы ауылдық округінің", "Шолақашы ауылдық округі" сөз тіркестерімен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолақашы ауылдық округінің әкімі Ш. Бустекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады