Әкімнің кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қыркүйекте № 24447 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес әкімнің кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолақашы ауылдық округінің әкімі Ш. Бустекова

  Шолақашы
  ауылдық округі әкімінің
  2021 жылғы 16 қыркүйектегі
  № 4 шешіміне
  қосымша

Әкімнің күшi жойылған кейбiр шешімдердің тiзбесi

      1. Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 болып тіркелген) № 1 шешімі.

      2. Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8440 болып тіркелген) № 1-ш шешімі.

      3. Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы "Әкімнің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1-ш "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 болып тіркелген) № 4-ш шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады