2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 қаулысына (2016 жылғы 12 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | В. Радченко |
Әкімдіктің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 372 қаулысына қосымша |
|
Әкімдіктің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
2) акушер;
3) тіс дәрігері (дантист);
4) мейіргер;
5) зертханашы (медициналық);
6) психолог маман;
7) әлеуметтік қызметкер;
8) фельдшер.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;
3) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психолог, психолог;
5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;
6) әдіскер (негізгі қызметтердің);
7) тәлімгер;
8) әлеуметтік педагог;
9) мұғалім - логопед, логопед;
10) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
11) кітапханашы;
12) қосымша білім беретін педагог;
13) тәрбиелеуші;
14) мейірбике (мейіргер);
15) емдәмдік мейірбике;
16) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
17) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің).
4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) хореограф;
2) музыкалық жетекші;
3) кітапханашы;
4) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
5) аккомпаниатор;
6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
7) қазақ тілі мұғалімі.
5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) (мамандандырылған) медициналық бике/аға;
4) жаттықтырушы-оқытушы;
5) әдіскер.