Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 6506 болып тіркелді. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 372 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 07.10.2022 № 854 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 07.10.2022 № 854 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық мәселелер жөніндегі аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қантарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

      Қостанай аудандық

      мәслихатының хатшысы

      ___________ А. Досжанов

      2016 жыл 7 маусым

  Әкімдіктің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 303 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 07.10.2022 № 854 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары мен мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) хореограф;

      2) музыкалық жетекші;

      3) кітапханашы;

      4) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      5) аккомпаниатор;

      6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      7) барлық мамандықтағы мұғалімдер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады