"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің және Қостанай аудандық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Затобол кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" 2006 жылғы 12 шілдедегі № 321/3б (2006 жылғы 21 шілдеде "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-41 болып тіркелген);
"Қостанай аудандық мәслихатының және Қостанай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 321/3б "Затобол кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 29 шілдедегі № 514/218бр (2014 жылғы 12 қыркүйекте "Арна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5057 болып тіркелген).
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | В. Радченко |
Сессия төрағасы | А. Ахметов |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | А. Аксаутова |