Қостанай ауданы әкімдігінің және Қостанай аудандық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 392 және Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 544 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 9334 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің және Қостанай аудандық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "Затобол кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" 2006 жылғы 12 шілдедегі № 321/3б (2006 жылғы 21 шілдеде "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-41 болып тіркелген);

      "Қостанай аудандық мәслихатының және Қостанай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 321/3б "Затобол кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 29 шілдедегі № 514/218бр (2014 жылғы 12 қыркүйекте "Арна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5057 болып тіркелген).

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі В. Радченко
      Сессия төрағасы А. Ахметов
      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы А. Аксаутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады