Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 17.07.2020 № 392 және Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 17.07.2020 № 544 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай аудандық мәслихатының және Қостанай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 321/3б "Затобол кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-41 тіркелген, 2006 жылғы 21 шілдеде "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "п. Затобольск" деген сөзі тиісінше "поселка Затобольск" деген сөзбен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
мемлекеттік тілдегі 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"2. Мичурин ауылдық округінің жерінен көлемі 15,7 гектар жер учаскесі, оның 14,9 гектары - табиғи жайылым, 0,8 гектары - орман алқабы.".
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | Қостанай аудандық мәслихатының |
___________ Т. Исабаев | кезекті сессиясының төрағасы |
________________ С. Есментаев | |
Қостанай аудандық |
мәслихатының хатшысы
_____________ А. Досжанов |