"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.
2. Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 121 қаулысының (2015 жылғы 30 сәуірде "Сарыкөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Балгарин |
Әкімдіктің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 112 қаулысына қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
№ | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар |
1 | Сарыкөл кенті | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімиятының Сарыкөл аудандық білім бөлімінің "Өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимаратында |
2 | Сарыкөл кенті | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ново-Урицк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
3 | Сарыкөл кенті | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимаратында |
4 | Барвиновка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Барвинов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
5 | Веселый Подол ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Веселоподол орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
6 | Златоуст ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Краснодон орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
7 | Комсомол ауылы | "Сарыкөл ауданының Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
8 | Большие Дубравы ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесной орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
9 | Маяк ауылы | "Сарыкөл ауданының Маяк ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
10 | Севастополь ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Севастополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
11 | Сорочинка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сорочин негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
12 | Тағыл ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тагіл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
13 | Тимирязевка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тимирязев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
14 | Урожайное ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чехов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |