Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 112 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 маусымда № 9240 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.

      2. Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 121 қаулысының (2015 жылғы 30 сәуірде "Сарыкөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Балгарин

  Әкімдіктің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 112 қаулысына
қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар

1

Сарыкөл кенті

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімиятының Сарыкөл аудандық білім бөлімінің "Өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимаратында

2

Сарыкөл кенті

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ново-Урицк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

3

Сарыкөл кенті

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимаратында

4

Барвиновка ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Барвинов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5

Веселый Подол ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Веселоподол орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

6

Златоуст ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Краснодон орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

7

Комсомол ауылы

"Сарыкөл ауданының Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

8

Большие Дубравы ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесной орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

9

Маяк ауылы

"Сарыкөл ауданының Маяк ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

10

Севастополь ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Севастополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

11

Сорочинка ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сорочин негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

12

Тағыл ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тагіл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

13

Тимирязевка ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тимирязев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

14

Урожайное ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чехов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады