"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Вишнев және Қарашілік ауылдарындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 4 шешіміне (2009 жылғы 3 желтоқсанда "Сарыкөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-84 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Вишневка ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы";
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Вишневка ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшеге - Бәйтерек көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшеге - Атақоныс көшесі;
№ 3 атауы жоқ көшеге - Ақжол көшесі;
№ 4 атауы жоқ көшеге - Шаттық көшесі;
№ 5 атауы жоқ көшеге - Береке көшесі.".
2. "Севастополь ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Т. Тыртышняя |