Вишневка ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 4 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қазанда № 9-17-84 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 20.12.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 20.12.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Вишневка ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшеге - Бәйтерек көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшеге - Атақоныс көшесі;

      № 3 атауы жоқ көшеге - Ақжол көшесі;

      № 4 атауы жоқ көшеге - Шаттық көшесі;

      № 5 атауы жоқ көшеге - Береке көшесі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 20.12.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкімі

С. Макаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады