Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 20.09.2021 № 226 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 48 қаулысына (2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6852 болып тiркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесінде "Таран ауданының әкімдігі" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі" деп ауыстырылсын.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Испергенов |