Әкімдіктің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 48 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 78 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 9104 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 226 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 20.09.2021 № 226 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 48 қаулысына (2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6852 болып тiркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесінде "Таран ауданының әкімдігі" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі" деп ауыстырылсын.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады