Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 226 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қыркүйекте № 24451 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6852 болып тіркелген);

      2) Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 48 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9104 болып тіркелген).

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі К. Муржакупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады