Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 8916 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.

      2. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 4 маусымдағы № 207 (2018 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7866 болып тіркелген);

      "Мәслихаттың 2018 жылғы 4 маусымдағы № 207 "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 15 қарашадағы № 320 (2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8769 болып тіркелген).

      3. Осы шешім халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округ үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Горбатенков
      Ұзынкөл аудандық мәслихатының А. Бараншина

  Ұзынқөл
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 343 шешімімен
бекітілген

Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұзынкөл ауданының ауылдар, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.09.2021 № 55 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі;

      4) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдар қызметінің мәселелері;

      5) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет.

      3. Жиналыс регламентін аудандық мәслихаты бекітеді.

      3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауыл және ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады: 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі.

      Ескерту. Регламент 3-1 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      Ескерту. Регламент 3-2 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Регламент 3-3 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      ауыл, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда ауыл, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      ауыл, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауыл, ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;

      ауыл, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауыл, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауыл, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін.

      ауыл, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 13.02.2024 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Жиналысты ауыл, ауылдық округ әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет-ресурстарды қоса алғанда үздіксіз жариялау тарату тәсілдермен хабардар етеді.

      "Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Жиналысты шақыру алдында әкімнің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртібін ауылдар, ауылдық округтер әкімінің аппаратының жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      10. Жиналысты аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға аудан мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі

      12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Екі жұмыс күні ішінде хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ауыл, ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауыл, ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.09.2021 № 55 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауыл, ауылдық округ әкімі қарайды және ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауыл, ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені аудан әкімі шешеді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі екі жұмыс күні ішінде әкімнің және аудан мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті қоғамдастық жналысының арасында келіспеушілік туындаған жағдайда аудан мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін аудан әкімі шешім қабылдайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауылдар, ауылдық округтер әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдар, ауылдық округтер әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы аудан әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

Об утверждении Регламента собрания местного сообщества

Решение маслихата Узункольского района Костанайской области от 17 января 2020 года № 343. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 23 января 2020 года № 8916.

      В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Узункольский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула – в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемый Регламент собрания местного сообщества.

      2. Признать утратившими силу следующие решения маслихата:

      "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Узункольского сельского округа Узункольского района Костанайской области" от 4 июня 2018 года № 207 (опубликовано 25 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7866);

      "О внесении изменения в решение маслихата от 4 июня 2018 года № 207 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Узункольского сельского округа Узункольского района Костанайской области" от 15 ноября 2019 года № 320 (опубликовано 26 ноября 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8769).

      3. Настоящее решение вводится в действие для сельского округа с численностью населения более двух тысяч человек с 1 января 2018 года и для сел, сельских округов с численностью населения две тысячи и менее человек с 1 января 2020 года.

      Председатель сессии И. Горбатенков
      Секретарь Узункольского районного маслихата А. Бараншина

  Утвержден
решением Узункольского
районного маслихата
от 17 января 2020 года
№ 343

Регламент собрания местного сообщества

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент собрания местного сообщества сел, сельских округов Узункольского района (далее - Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее - Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15630).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.09.2021 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Основные понятия, которые используются в настоящем Регламенте:

      1) местное сообщество - совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) собрание местного сообщества (далее - собрание) - участие представителей местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан;

      3) член собрания местного сообщества - представитель местного сообщества, делегированный сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан;

      4) вопросы местного значения - вопросы деятельности области, района, сельского округа, сел, не входящего в состав сельского округа, регулирование которых в соответствии с Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан связано с обеспечением прав и законных интересов большинства жителей соответствующей административно-территориальной единицы;

      5) местное самоуправление - деятельность, осуществляемая населением непосредственно, а также через маслихаты и другие органы местного самоуправления, направленная на самостоятельное решение вопросов местного значения под свою ответственность, в порядке, определяемом Законом, иными нормативными правовыми актами.

      3. Регламент собрания утверждается районным маслихатом.

      3-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом, количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения села и сельского округа: до 10 тысяч населения - 5-10 членов собрания.

      Сноска. Регламент дополнен пунктом 3-1 в соответствии с решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.

      Сноска. Регламент дополнен пунктом 3-2 в соответствии с решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3-3. Для административно-территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 3-2 настоящего Регламента.

      Сноска. Регламент дополнен пунктом 3-3 в соответствии с решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок проведения созыва собрания местного сообщества

      4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета сел, сельских округов и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета сел, сельских округов в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата сел, сельских округов по управлению коммунальной собственностью сел, сельских округов (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета сел, сельских округов;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета сел, сельских округов;

      согласование отчуждения коммунального имущества сел, сельских округов;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима сел, сельских округов;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 13.02.2024 № 73 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Собрание созывается и проводится акимами сел, сельских округов самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или непрерывным публичным распространением массовой информации, включая интернет-ресурсы, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Перед началом созыва собрания аппаратом акима проводится регистрация присутствующих членов собрания, ее результаты оглашаются акимом или уполномоченным им лицом перед началом созыва собрания и заносятся в протокол собрания с указанием места и времени проведения созыва.

      Созыв собрания считается состоявшимся при участии в нем не менее половины членов собрания.

      8. Созыв собрания открывается акимом или уполномоченным им лицом.

      Для ведения созыва собрания открытым голосованием избираются председатель и секретарь собрания.

      9. Повестка дня собрания формируется аппаратом акима сел, сельских округов на основе предложений, вносимых членами собрания, акимом соответствующей территории.

      В повестку дня включаются вопросы о ходе и (или) исполнения решений, принятых на предыдущих созывах собраний.

      Повестка дня созыва собрания может быть дополнена и изменена при ее обсуждении.

      Повестка дня созыва собрания утверждается собранием.

      Голосование по каждому вопросу повестки дня проводится раздельно. Вопрос считается внесенным в повестку дня, если за него проголосовало большинство присутствующих членов собрания.

      10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты районного маслихата, представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Регламент выступлений на созывах собрании для докладов, содокладов, выступлений в прениях и по порядку ведения созыва собрания определяется председателем. Докладчикам и содокладчикам отводится время для ответов на вопросы. В случае если выступающий превысил отведенное время, председатель собрания прерывает его выступление или с согласия большинства присутствующих на созыве членов собрания продлевает время для выступления.

      Член собрания может выступить по одному и тому же вопросу не более двух раз. Не считаются выступлениями в прениях обращения членов собрания, выступления для дачи пояснений и ответов на вопросы. Вопросы докладчикам задаются в письменном или устном виде. Письменные вопросы предоставляются председателю собрания и оглашаются на созыве собрании.

      Председатель собрания может объявлять перерывы по собственной инициативе или по мотивированному предложению членов собрания.

      В конце собрания отводится время для выступления членов собрания с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.

Глава 3. Порядок принятия решений собранием местного сообщества

      12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      В течение двух рабочих дней протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение одного рабочего дня с момента подписания протокол передается акиму села, сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сел, сельских округов.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акимам сел, сельских округов, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сел, сельских округов.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.09.2021 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным решением маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимами сел, сельских округов и доводятся аппаратом акима села, сельского округа до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима села, сельского округа, вопрос разрешается акимом района.

      Акимы сел, сельских округов, в течение двух рабочих дней, направляют в адрес акима района и районного маслихата протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Аким района после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании районного маслихата вопросов, вызвавших несогласие между акимом села, сельского округа и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции решения маслихата Узункольского района Костанайской области от 24.12.2021 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Органы местного государственного управления и самоуправления, должностные лица в пределах полномочий обеспечивают исполнение решений, принятых на созыве собрании и одобренных акимами сел, сельских округов.

      16. Решения, принятые на созыве собрания, распространяются аппаратом акима сел, сельских округов через средства массовой информации или иными способами.

Глава 4. Контроль за исполнением решений собрания местного сообщества

      17. На собрании регулярно заслушиваются информации лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      18. В случае неисполнения или некачественного исполнения решений, соответствующая информация вносится в протокол, который председателем собрания направляется акиму района или вышестоящим руководителям должностных лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      В случае повторного неисполнения или некачественного исполнения принятых решений, собрание инициирует вопрос об ответственности должностных лиц перед акимом района или вышестоящим руководством соответствующих должностных лиц.