Ескерту. Тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.09.2021 № 62/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.09.2021 № 62/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.09.2021 № 62/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының сессия төрағасы | В. Кнутас |
Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | З. Мукашева |