Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 555/73 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 7120 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.09.2021 № 62/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.09.2021 № 62/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.09.2021 № 62/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының сессия төрағасы В. Кнутас
      Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы З. Мукашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады