Павлодар қалалық мәслихатының "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 555/73 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 62/8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қыркүйекте № 24444 болып тіркелді

      Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 555/73 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7120 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      жобаның кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы С. Калижанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады