Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 4 қарашадағы № 2-19/673 ұсынысы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларын жүргізулуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 тамыздағы "Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/05 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6880 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алғабас ауылдық округінің әкімі | А. Рустемов |