Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 тамыздағы № 1-04/05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 тамызда № 6880 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 1-03/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 25.11.2020 № 1-03/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 2-19/349 ұсынысы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алғабас ауылдық округінің әкімі А. Рустемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады