Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 66/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5349 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Баянауыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 шілдедегі "Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 66/12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 102/16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5600 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Баянауыл аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Т. Қасен |