Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 66/12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 шілдедегі № 102/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 тамызда № 5600 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 тамыздағы № 339/58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 06.08.2020 № 339/58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 66/12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 5349 болып тіркелген, 2017 жылғы 04 ақпандағы "Баянтау" газетінің № 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің 3-тармақта "еңгізіледі" деген сөз "енгізіледі" деген сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасында:

      қазақ тіліндегі 3-тармақта "шешімімен" деген сөз "Қағидаларымен" деген сөзімен ауыстырылсын;

      8-тармақта "көк" деген сөз "көгілдір" деген сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Маненов
      Аудандық мәслихатының хатшысы Т. Қасен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады