Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі әкімінің 14.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 27 шілдедегі Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысы № 2-19/345 ұсынысы негізінде, Сілеті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі Сілеті ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сілеті ауылдық округі әкімі | К. Жусупбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Ертіс | |
аудандық аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің бас | |
мемлекеттік ветеринариялық – | |
санитариялық инспекторының | |
міндетін атқарушы | Л. Ауталипова |
2020 жылғы "26" тамыз |