Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 2-19/652 ұсынысы негізінде, Сілеті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің Сілеті ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 тамыздағы "Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің Сілеті ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сілеті ауылдық округі әкімі | К. Жусупбаев |